«Семей медициналық университеті» КеАҚ «Стоматология» мамандығының 1315 тобының студенттері мен топ жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы «Семей Қалалық Мәдениет Сарайына» тарихи «Жұт» атты қойылымды тамашалауға барып қайтты. Қазақ халқының басына түскен қиындықтар аз емес. Солардың бірі ХХ ғасырдағы – ашаршылық, жұт.Бұл қойылым ата-бабалар рухына тағзым ету мақсатында сахналанды. Сахна тілі арқылы – нәубет жылдарындағы қазақтардың қилы тағдыры сөз болды. Спектакль өзінің атына заты сай туынды болды десек қателеспейтін болармыз.