23-25 мамыр күндері Астанада Назарбаев университетінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында ағылшын тілінде «2024 Fullbright, English Language Fellow debate Conference» конференция-дебаты өтті. АҚШ елшілігі ұйымдастырған пікірталасқа 50-ден астам адам қатысты.
Пікірталас сегіз раундтан тұрды және төрт топта өтті: солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс. Семей медицина университетінің атынан «Жалпы медицина» мамандығының білім алушылары Айдос Жұмабеков пен Елизавета Гришенкова Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы Балжан Коленова мен ағылшын тілінің оқытушысы Спенсер Хазслиптің сүйемелдеуімен қатысты.
Қазылар алқасының құрамында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин болды.
Сайыс қорытындысы бойынша біздің студенттер екінші орынды иеленді.