Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігі ССК-ң «СМУ» КеАҚ-дағы екінші жұмыс күні

Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігі ССК-ң «СМУ» КеАҚ-дағы екінші жұмыс күні

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сарапташылар тобы жүргізіп жатқан сыртқы аудиттің екінші күні өтті.
Сарапшылар бүгінгі жұмыстарын университет госпиталін, жедел медициналық жәрдем ауруханасында орналасқан университеттің клиникалық кафедраларын аралаудан бастады. Мұнымен қатар стоматологиялық клиникаға, радиациялық медицина және экология ҒЗИ, №1 Студенттер Үйіне барды.
Студенттермен, магистранттармен және докторанттармен, жұмыс берушілермен және университет түлектерімен кездесті. Білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Сарапшылар кешенді талдау жасай отырып, университеттің құжаттарын тексеріп шықты.

Рубрикалар: Категориясыз