“Аса қауіпті инфекциялар. Оба” семинары

“Аса қауіпті инфекциялар. Оба” семинары

“Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын өңірлерге бекіту және жалпы практика дәрігерлерін оқытуды өткізу туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вице-министрінің 22.04.2024 №252 бұйрығын орындау үшін балалар жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлері, Семей медицина университетінің клиникалық бөлімі мен цифрлық технологиялар бөлімінің қолдауымен ағымдағы жылдың 27 мамыр аралығында Абай облысының амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне “Аса қауіпті инфекциялар. Оба” тақырыбында семинар өткізді. Оқыту аралас форматта өтті. Барлығы 30 тыңдаушы қатысты.

Кіріспе сөзбен балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облысының бас штаттан тыс инфекционисті, м. ғ. к. Эфендиев И. М. сөз сөйледі.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының завучы, м.ғ.к. Мансурова А.А. тыңдаушылардың назарына “Оба” тақырыбында баяндама ұсынды. Дәріскер клиника, ажырату диагностика, терапия және осы аурудың алдын алу мәселелеріне баса назар аударды.

Тыңдаушыларға “Обаға күдікті науқасты анықтау кезіндегі медицина қызметкерлерінің тактикасы” атты бейнефильм көрсетілді. Фильмді Дмитровский А.М., м.ғ.д., профессор, аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының (Алматы қаласы) кадрлар даярлау бөлімінің бас ғылыми қызметкерімен берілген.

Қорытындылай келе, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тыңдаушылар семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Эфендиев И.М., Мансурова А.А.

Рубрикалар: Семинарлар