“Халықаралық Студенттерге Арналған Speaking club”сабағы

“Халықаралық Студенттерге Арналған Speaking club”сабағы

Шетелдік бөлімшенің бакалавриат білім алушыларының тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында әлеуметтік қолдау шеңберінде бейімделу және интеграциялау үшін, сондай-ақ интернатурада оқуға дайындығына жәрдемдесу үшін “СМУ” КЕАҚ “Speaking club for international students”студенттік клубы өз жұмысын бастады. Кезекті сабақ 2-5 курс шетелдік бөлімшесінің студенттерімен өткізілді. Сабақты жалпы білім беру пәндері кафедрасының ПОҚ өткізді, сондай-ақ “Speaking club”еріктілері қатысты. Тыңдаушыларға алдын ала ағылшын және қазақ тілдерінде глоссарий жіберілді. Сабақ барысында студенттер қазақ тілін үйреніп, Қазақстан мәдениетімен танысты. Сабақта студенттер өздерінің сөздік қорын толықтырды, оқушылар мұндай сабақтар шетелдік студенттер үшін өте пайдалы екенін атап өтті, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз