“Кене энцефалиті және тиімді алдын алу шаралары”тақырыбында әңгіме өткізілді

“Кене энцефалиті және тиімді алдын алу шаралары”тақырыбында әңгіме өткізілді

Көктемнің жылы күндерінің басталуымен және күздің аяғына дейін, адамдар табиғат аясында демалу үшін – гүлдер, жидектер, саңырауқұлақтар теру үшін орманға асыққан кезде, кене инфекцияларының да эпидемиологиялық жағдайы күрделене түседі – олар кене энцефалиті, боррелиоз, анаплазмоз, эрлихиоз, олардың қоздырғыштары иксод кенелерінің қан соруы кезінде беріледі. Ең қауіпті аурулардың бірі –кене вирустық энцефалиті (КВЭ) – орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын вирустық инфекция. Ауру 25 күн ішінде көрінбеуі мүмкін. Орташа инкубациялық кезең бір-екі аптаға созылады. Кененің организмі вирустың көбеюі үшін қолайлы орта болып табылады.
2024 жылдың 27-ші мамырында  ЖТД 7 курс интерндерімен ЖТД кафедрасының ассистенттері Ахметова С.С, Енсибаева Ш.Д, Жунусова М.К бірлесіп “Кене энцефалиті және тиімді профилактикалық іс-шаралар”тақырыбында әңгіме өткізілді. Кенелердің адам денесіне түсуіне жол бермеу, анықтау және өз бетімен жою туралы ескерту шаралары талқыланды. Әрине, кене энцефалитінің алдын-алудың ең жақсы шарасы-вакцинация. Кене энцефалитіне қарсы вакцинаны жыл бойы жасауға болады, бірақ вакцинацияны екінші вакцинациядан бастап кем дегенде 2 апта өтетіндей етіп жоспарлау керек ,өйткені кене энцефалитіне тұрақты иммунитет екінші дозаны енгізгеннен кейін ,екі аптадан кейін пайда болады. Ревакцинация үшінші вакцинациядан кейін әр 3 жыл сайын жүргізіледі.