Кураторлық топ студенттерінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейіне баруы

Кураторлық топ студенттерінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейіне баруы

Абайдың әдеби-мемориалдық музейі ұлы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесінің 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылған. 

2024 жылдың 18-мамырында ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы  молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы Г.Р. Ибраева “Педиатрия” ОБ 1231 кураторлық тобының студенттерімен Абай ауданында орналасқан «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Қорық-мұражай құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Бөрілідегі М. Әуезовтың мұражай-үйі,  «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені тәрізді тарихи-мәдени ескерткіштер енген.  

Мұражайға барған әр адам қызықты фактілермен танысады, әрі экспонаттарды, мәдени-тарихи ескерткіштерді өз көзімен көре отырып, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігін арттырады. Кураторлық топ студенттері рухани тұрғыдан байып, мұражайға барғандарына ризашылықтарын білдірді.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір