Екінші дүниежүзілік соғыста миллиондаған қазақстандық неміс фашизміне қарсы күресте қан майданда жан алысып, жан беріскеніне тарих куә. Сондықтан да 9-мамыр Жеңіс күні қазақ елі үшін айтулы мерекелердің бірі. Осыған орай Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова А.С. және «Медицина» мектебі 2312 тобының қатысуымен кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағатта студенттер Отан үшін жан қиған ата-апалардың және ардагерлерімізді үлгі ете отырып, олардың ерлігін тағы бір мәрте мақтанышпен айта білді. Өйткені, қазақ қанынан жаралған жас ұрпақтың Отан үшін от кешкен аталары мен апаларының есімдерін әрдайым қастер тұтып жүргендері абзал.