Ішкі аурулар және ревматолия кафедрасында Салалар арасындағы өзара оқыту әдісі

Ішкі аурулар және ревматолия кафедрасында Салалар арасындағы өзара оқыту әдісі

 24 мамыр 2024ж ішкі аурулар және ревматология кафедрасында « Ішектің қабыну ауруларының ішектен тыс көріністері (ІҚА) – буын синдромы, сараланған тәсіл» атты тақырыпта «InterProfessional Peer Training» (IPPT, кәсіби әріптестік оқыту) технологиясы бойынша  гибридті форматта ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ «Гастроэнтерология ересектер, балалар», «Ревматология ересектер, балалар» оқыту бағдарламасының резиденттері және оқу кестесіне сай біздің кафедрада білім алып жатқан 617 топ интерндерімен бірге ұйымдастырылды. Сабаққа медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің өкілі қатысты.

PPT форматындағы сабаққа дайындық барысында резидентттермен клиникалық жағдай ретінде КеАҚ «Семей Медицина университетінің» университет жанындағы госпиталь стационарының гастроэнтерология бөлімшесінде ем қабылдап жатқан нақты науқас курацияға алынды және ауру тарихының медициналық құжаттамалары мен берілген тақырып бойынша әдебиет деректері зерттелді.         

Ашық сабақ барысында нақты науқасқа қатысты ішектің қабыну ауруларының ішектен тыс көріністері, диагностикасы және ем тағайындау ерекшеліктері жайлы, сонымен қатар жалпы әдеби шолу жасалынған 5  баяндама тыңдалды.

КеАҚ «Семей Медицина университеті» ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушісі Каскабаева А.Ш. және  кафедра доценті Шаханов Т.Е. (резидент-гастроэнтерологтардың академиялық тәлімгері) жетекшілігімен талқылау үшін келесі баяндамалар әзірленді:

  1. Талқылауға жататын науқастың клиникалық жағдайы (баяндама жасаған: резидент-гастроэнтеролог 1 жыл Тогайбекова М.);
  2. Ішектің қабыну ауруларының ішектен тыс көріністері (баяндама жасаған: 617 топтың интерні Бахтаров А.);
  3. Ішектің қабыну ауруларының ішектен тыс көріністерінің сараланған емі дәлелді медицина тұрғысынан. (баяндама жасаған: резидент гастроэнтеролог 1 жыл Жанаева А.)

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының м.ғ.к., профессор м.а. Горемыкина М.В. жетекшілігімен 2-ші жыл резидент-ревматологтары – серонегативті спондилоартриттердегі буындық синдромның қауіп факторы мен этиопатогенезі, диффернциальді диагностика және ішектің қабыну ауруларындағы буындық синдромы бар науқастарды жүргізу тәсілі сұрақтары қамтыған келесі баяндамалар әзірледі:

  1. Ішектің қабыну ауруларындағы буындық синдромның ерекшеліктері (баяндама жасаған: 2-ші курс резидент-ревматологы Ешмухамет Мерей);
  2. Ішектің қабыну ауруларындағы буындық синдромның патогенетикалық аспектілері

– терапия тәсілі (баяндама жасаған: 2-ші курс резидент-ревматологы Ахметолла Д.)

Әрбір баяндамадан соң барлық қатысушылармен бірге тәжірибедегі маңыздылығы жайлы сұрақтар талқыланды. Кафедраның академиялық және клиникалық тәлімгерлерінің    гастроэнтерология және ревматология саласындағы сарапшы ретінде пікірлері ескеріліп, науқасты ары қарай жүргізуге нұсқаулар және нақты ұсыныстар берілді.

Кері байланыс ретінде білім алушылардан оң пікірлер айтылды.

Салалар арасындағы өзара оқыту әдісі – клиникалық, коммуникативтік құзыреттіліктерді, ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға және нығайтуға, тақырыпты терең меңгеруге ықпалын тигізеді.

maiya.goremykina@smu.edu.kz