“Кардиологиядағы қатар жүретін науқастарға клиникалық көзқарас” тақырыбында семинар өтті

“Кардиологиядағы қатар жүретін науқастарға клиникалық көзқарас” тақырыбында семинар өтті

2024 жылдың 23 мамырында дәріскер – Лаптей Наталья Николаевна – жоғары санатты кардиолог дәрігер, “Амбулаториялық орталық” мекемесінің консультативтік бөлімшесінің меңгерушісі, “Кардиологиядағы коморбидті пациенттерге клиникалық көзқарас”тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарға куратор Ш. Д. Енсибаевамен бірге Өскемен филиалының Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының дәрігер-интерндері, кардиологтары, терапевттері, ЖТД дәрігерлері қатысты.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің немесе маман дәрігердің амбулаториялық қабылдауында қатар жүретін науқастар басым болады. Бұл диагностикада да, емдеудің оңтайлы тактикасын таңдауда да қосымша қиындықтар тудырады. Біріншіден, маман дәрігер өзінің назарын өзіне арналған патологияға аударады. Екіншіден, клиникалық ұсыныстар жеке ауруларды қамтиды. Сондықтан, үйлесімділік мәселелері көбінесе практикалық денсаулық сақтаудың шетінде қалады. Жалпы практика дәрігері мен маман дәрігерлерінің қатысуымен пациенттің барлық ауруларын, науқастың жағдайы мен жасын ескеретін пациентоцентрлік сипатқа ие командалық тәсіл емдеу процесінде міндетті болуы керек.

Мұндай семинарлар әрқашан өзекті болады. Медицина дамуда бір орында тұрмайтынын ескере отырып, семинарлар білімді жетілдіруге, дағдыларды пысықтауға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді

Рубрикалар: Семинарлар