Бүгін бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу процесі бойынша сыртқы сараптама комиссиясы жұмысын бастады.
Аккредиттеу – оқу орнының қызметін немесе оқу орнының жекелеген білім беру бағдарламаларының нақты стандарттар мен талаптарға сәйкестігін айқындау мақсатында аккредиттеуші орган жүзеге асыратын оқу орнының қызметінің немесе оқу орнының жекелеген білім беру бағдарламасының сапасын бағалау процесі.
Аудиттің бірінші күні сарапшылар университет басшысымен, проректорлармен, декандармен, құрылымдық бөлімдердің басшыларымен, кафедра меңгерушілерімен кездесіп, бас ғимаратты және морфологиялық корпусты тексерді. Мұнымен қатар, бірінші күні үйлестірушілермен және білім беру бағдарламалары үшін жауапты мамандармен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесулер өткізді.