Өскемен қ. филиалы-КЕАҚ”Семей медицина университеті” 6 курс 630 топ интердері мен ЖДТ кафедрасының ассистенттері М.Қ Жунусова, Ш.Д.Енсибаева , С.С.Ахметова «ШЖҚ КМК Өскемен жоғары медициналық колледжі» студенттеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Студенттер біздің университет туралы қажетті ақпарат алды және оқытушылар біздің университетке түсу және білім беру үдерісіне қатысты барлық сұрақтарға толық жауап берілді . Қатысушыларға мамандықтар тізімі көрсетілген, “Семей медицина университеті”КЕАҚ-ға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы ақпараты бар университет брендбуктер, буклеттер ұсынылды.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде көптеген студенттер өздерінің кәсіби қызығушылықтары мен мүмкіндіктері туралы неғұрлым нақты түсінікке ие болды, бұл оларға қосымша білім мен мансапты таңдау туралы неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға көмектесті.