“Дәрігер тәжірибесіндегі диарея синдромы” халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі семинар

“Дәрігер тәжірибесіндегі диарея синдромы” халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі семинар

29.05.2024 ж. Андижан Мемлекеттік медицина институты мен “Семей медицина университеті” КеАҚ арасында Халықаралық ынтымақтастық саласында жасалған меморандум аясында “Дәрігер тәжірибесіндегі диарея синдромы” тақырыбында онлайн-режимде семинар өткізілді. Семинарды Семей медицина университеті КеАҚ Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі профессор, м.ғ. д. Шаймарданов Н.К., м. ғ. к., доцент, қауымдастырылған профессор Смаил Е.М және Андижан Мемлекеттік медицина институтының жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі доцент, м. ғ. к. Мирзакаримова Д. Б., ассистент Касимов У.М. ұйымдастырды. Семинарға тақырыптық сабақ жоспарына сәйкес Андижан Мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің 534 тобының студенттері қатысты. Семинар спикерлері 1 оқу жылының резидент-инфекционистері Мадриков К. Е. , Сапаржан А. Е жіті ішек инфекцияларының эпидемиологиясын, клиникасын, диагностикасын, емін және профилактикасына тоқталды. ЖІИ клиникалық диагностикасының стратегиясы мен тактикасы мәселелері егжей-тегжейлі талданды. Ішек амебиазы бойынша қосымша мәліметтер ұсынылды. Семинар барысында білім алушылар семинар тақырыбына қызығушылық танытып, жаңа білім алды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Категориясыз