Жазғы мектеп «Балалардағы жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері»

Жазғы мектеп «Балалардағы жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері»

Ағымдағы жылдың 17-28 мамыр аралығында балалар жұқпалы аурулары кафедрасында, меңгеруші Эфендиев Имдат Мұса Оглының жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне, «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығының 6 курс интерндері үшін және «Жұқпалы аурулар (ересектер, балалар)» және «Отбасылық медицина» мамандықтарының резиденттеріне «Балалардағы жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» атты жазғы мектеп ұйымдастырылды. Жазғы мектеп аралас форматта өтті. Барлығы 30 тыңдаушы қатысты.

Жазғы мектептің мақсаты – балалардағы жұқпалы аурулары бойынша білім мен дағдыларды тереңдету.

Бұл іс-шара алғаш рет Семей медицина университетінің түрлі деңгейдегі білім алушыларын ғана емес, мектеп оқушыларын да қызықтырды. Осылайша, жазғы мектеп жұмысына Түркістан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Каримжанова Дильнура қатысты. Мектепке сонымен қатар Абай аудандық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығының балалар инфекционист-дәрігерлері және облыстық инфекционист дәрігерлер қатысты.

Жазғы мектеп бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтыды: жедел респираторлық-вирустық инфекциялар, күл, қызылша, желшешек, жәншау, қызамық, энтеровирусты инфекция, менингококкты инфекциясы, вирустық және бактериялық этиологияның ішек инфекциялары, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардың (сібір жарасы, оба, тырысқақ) клиникалық-зертханалық және ажырату диагностикасы мен емі. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері: кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. және ассистенттер: Мансурова А. А., Дәлелқанова Т.Д., Смаилов Е. С., Кумарбекова А. К. баяндамалар жасады. Күн сайын мектеп қатысушылары сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Соңғы күні материалды бекіту мақсатында тыңдаушылар Kahoot платформасында викторинадан өтті.

Қорытынды күні тыңдаушылар материалды бекіту мақсатында Kahoot платформасында викторина өткізді.

Салтанатты жағдайда қатысушыларға сертификаттар табысталды. Тыңдаушылар балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиевке және бүкіл ұжымға жазғы мектепті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы семинарға техникалық қолдау көрсеткені үшін цифрлық технологиялар бөліміне алғысын білдіреді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

Рубрикалар: Оқушылар