Мен, Ерболатова Айя Ерболатқызы, 1 оқу жылының эндокринолог-дәрігер резидентімін. Қазір «СМУ» КеАҚ Өскемен қаласындағы филиалының Эндокринология бөлімінде резидентурада оқып жатырмын. 13-24 мамыр аралығында Мәскеудегі Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде «Эндокринология» мамандығы бойынша тағылымдамадан өттім.
Тағылымдама «МДСД В.П. Демихов атындағы МКБ» МБДСМ-нің көпсалалы ауруханасының базасында «Эндокринология» бөлімінде жүргізілді. Тағылымдама кезінде оқытудың басым бағыттары «1 және 2 типті қант диабеті: декомпенсация, шұғыл жағдайлар – кетоацидоз, гиперосмолярлық, гипогликемиялық кома», «Алғаш рет анықталған қант диабеті-терапияны таңдау, өзін-өзі бақылауды, нан бірліктері жүйесі бойынша ұтымды тамақтануды үйрету, аурудың бірқалыпты емес ағымы және терапияны күрделі таңдау кезінде қан құрамындағы глюкоза деңгейін тәуліктік мониторингілеу және сондай-ақ глюкоза деңгейін үздіксіз бақылау».
Көрсеткіштер бойынша инсулинді енгізу режимдерін жекелей таңдау негізінде инсулин бүріккішін орнату және пациенттерді оқыту жүргізіледі. Диабеттік ангио және нейропатия, Шарко остеоартропатиясы, диабеттік табан синдромы сияқты қант диабетінің асқынуларын диагностикалау және емдеу. Сондай-ақ тағылымдамадан өту кезінде 16 мамыр күні «Ғылымнан практикаға ХХІ ғасырдың дербестендірілген эндокринологиясының жетістіктері» ғылыми-практикалық конференциясында және 2024 жылдың 21-24 мамырдан бастап «Эндокринологиядағы Инновациялық технологиялар» Халықаралық қатысуымен эндокринологтардың Ұлттық Конгресінде тыңдаушы болу мүмкіндігі туды.