Халықаралық спикердің қатысуымен “Лейшманиоз. Клиника, диагностика, емдеу және алдын алу ” тақырыбы бойынша семинар

Халықаралық спикердің қатысуымен “Лейшманиоз. Клиника, диагностика, емдеу және алдын алу ” тақырыбы бойынша семинар

“Тропикалық аурулар”тақырыптық жоспарына сәйкес 101 топ резидент-инфекционистерімен бірге ” Лейшманиоз. Эпидемиология, клиника, диагностика және емдеу” тақырыбы бойынша семинар өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалау есебі бойынша жыл сайын әлемде 700 000-нан 1 миллионға дейін Жаңа жағдай орын алады. Аталған семинардың спикері М.ғ.д., Ташкент медицина академиясының жұқпалы және балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры Ахмедова Лола Джалиловна болды. Профессор Ахмедова Л. Д. әлемде және Өзбекстанда лейшманиоз бойынша эпидемиологиялық деректерді ұсынды. Висцеральды лейшманиоздың клиниканысын, диагностикалау және емдеу әдістерін егжей-тегжейлі көрсетті. Бұл паразитозды алдын алу шаралары туралы ерекше аталынып өтілді. Семинар барысында резиденттер қойылған сұрақтарға толық жауап алып, м.ғ. д. профессор Л. Д. Ахмедоваға семинар тақырыбы бойынша жаңа білім алу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Семинарлар