Клиникалық тәлімгерлердің «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидент

Клиникалық тәлімгерлердің «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидент

Павлодар, Өскемен мен Семей қалалар стационарларындағы клиникалық тәлімгерлерінің  арасында кері байланыс сауалнамасы жүргізілді, бұл шара «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық базалардағы дайындығының мониторингі мен бақылауын жүргізу мақсатымен жасалды. Осы стационарларда тәжірибелік денсаулық сақтаудың тәжірибелі және квалифицирленген дәрігерлер болған клиникалық тәлімгерлерінің жетекшілігімен резиденттер оқу жылы бойы жұмыс істеді және өздерінің клиникалық компетенцияларын шыңдады.

Қазіргі уақытта «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша 1 оқу жылының 4 резиденті және 2 оқу жылының 4 резиденті оқиды, оның ішінде 2 резидент «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университеттік госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінің базасында оқиды, 4 резидент – Өскемен қаласындағы университеттің филиал базасында және 2 резидент – Павлодар қаласындағы университеттің филиал базасында білім алады.

«Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттер өздерін білгір, адал мамандар ретінде және өзін өзі жетілдіру мен үздіксіз кәсіби оқуға деген талпыныстарын резидентураны өту жеріне байланыссыз көрсетті. Клиникалық тәлімгерлерден алынған кері байланыс резиденттер пациенттерді дәрігерлік қарау, диагностика мен емдеу дағдыларын жеткілікті игерді, және өздерінің клиникалық ойлау мүмкіндіктерін, белсенді түрде клиникалық талдаулар мен консилиумдарда, жаңа заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін талқылауға және енгізуге қатысты. Резиденттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолданды және пациенттермен және әріптестермен коммуникация кезінде дәрігерлік этика мен деонтология принциптерін ұстанды.

 Академиялық тәлімгер ретінде «Семей медицина университетінің» КеАҚ Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының және клиникалық тәлімгер ретінде тәжірибелік денсаулық сақтаудың тәжірибелі дәрігерлерінің тұрақты қолдауы «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің дайындығының резидентураны өту жеріне тәуелсіз жақсы деңгейге жетуге мүмкіндік берді.

«Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентура бойынша жауапты Шаханова А.Т.

Рубрикалар: Оқушылар