Анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мамандарды даярлауда да, кәсіптік бағдар беру жұмыстарында да үлкен көңіл бөледі. Кафедра оқытушылары Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары мен Семей қаласының №6 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін орыс тілінде кафедра меңгерушісі Қожанова С.К., кафедра завучі Есболатова Г.М. қазақ тілінде Георгиевка, Үрджар мектептерінің оқушыларына 22.05.24 кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп оқушылары анатомиялық мұражайды аралап, студенттерімізбен кездесіп, дәрігерлік мамандыққа үлкен қызығушылық танытты, балалар университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы мағлұматтар алды, сонымен қатар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.