2024 жылдың 27 мамырында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж. «Балалардағы эндокард фиброэластозы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға «Венера» клиникасының, Бородулиха ауданының дәрігер- педиатрлары және кафедра оқытушылары қатысты. Бұл ауру сирек кездеседі және болжамы бойынша қолайсыз. Нәрестелерде кездесу жиілігі 1:70 000 құрайды. Б.Ж. Тоқтабаева осы аурудың дамуының заманауи теориялары, ағымының клиникалық нұсқалары және ерте диагностикалау критерийлері туралы айтты. Эндокард фиброэластозы бар баланың нақты клиникалық жағдайын ұсынды. Ол ұрық патологиясының пренатальды диагностикасын жақсарту қажеттігін атап өтті. Тек ерте диагностика жүкті әйелдерді акушерлік басқару тактикасын анықтауға мүмкіндік береді және нәрестелер өлімін азайтуға көмектеседі. Семинарға қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды.