«Ересектер және балалар нефрологиясы» резидентурасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында 27.05 – 29.05. 24ж. ішкі аурулар және ревматология кафедрасы профессор, «Қазақстан Республикасының ұлттық бүйрек қоры» қоғамдық қорының ғылыми және оқу қызметі жөніндегі вице-президенті Бағдат Ғазизқызы Сұлтанованың мастер классын ұйымдастырды. Мастер-класс қатысушылары: 1 және 2 курстың нефролог резиденттері, ккафедра мұғалімдері, Семей қаласының нефролог дәрігерлері.
Шеберлік сабақтың теориялық бөлімінде профессор тыңдаушыларды бүйрек ауруларының синдромдық диагностикасымен, трансплантология негіздерімен және бүйрек трансплантациясынан кейінгі иммуносупрессивті терапияның принциптерімен таныстырды. Теориялық бөлім клиникалық жағдайларды талдау және трансплантацияланған науқастарға кеңес берумен толықтырылды. Бағдат Ғазизқызы бүйрегі ауыстырылған науқастарды ем коррекциясы және асқынулардың алдын алу бойынша құнды білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сабағы нәтижелі өтті, резиденттер жаңа білім алды, нефрологтар білім қорын кеңейтті, тыңдаушылардан оң пікірлер алынды.
Кафедра және оқуға қатысушылардың атынан профессор Бағдат Ғазизқызы Сұлтановаға берілген мүмкіндік, алған жаңа білім және ең қызықты, өзекті шеберлік сабағы үшін үлкен алғысымды білдіреміз.
Модераторлар: каф. меңгерушісі, доцент Қасқабаева А.Ш., асс. Ботабаева А.С.