1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым күні куратор доцент А. М.Токешеваның жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 2224 топ студенттері Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір бала бақытты балалық шаққа, қамқорлық пен сенімді қорғауға лайық. Студенттер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сыйлықтарын беріп, бірге ән айтып, би биледі. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының ұжымы біздің студенттерге алғысын білдірді.

Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы