Құрметті әріптестер мен білім алушылар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мейрамның елдігіміз бен ынтымақ-бірлігіміз үшін мәні айрықша зор!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – бәрімізге ортақ қымбат қазына және еліміздің терең тарихын, тілі мен мәдениетін, құндылықтарын айшықтайтын қасиетті нышандар!
Әрқайсыңыздың отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, елімізге тыныштық, бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін!
Ізгі тілекпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А. А. Дюсупов