«СМУ» КеАҚ Клиникалық комитетінің отырысы:
«Микробқа қарсы препараттарды қолдану, қазіргі әлемдегі төзімділік мәселесі»
30.05.2024 «Семей медицина университеті» КеАҚ-да қазіргі әлемде микробқа қарсы препараттарды қолдану мен төзімділік мәселелерін талқылау мақсатында Клиникалық кеңестің отырысы өтті. Клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі Проректоры Д.Берікұлы, Университет госпиталі директорының инновациялар және хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Т.Л. Акпаров, проф., м.ғ.д., М.Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушылары, 1,2 курс резидент-клиникалық фармакологтар қатысты, ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде Абай облысының ДСБ, №1, №4, №7, № 9 емханалар дәрігерлері және Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, «СМУ» КеАҚ Павлодар, Өскемен қалаларының филиалдары қатысып тыңдады.
Семинарды кафедра оқытушысы Әсел Ердосқызы Какытаеваның «Цефалоспорин қатарындағы антибиотиктерге төзімсіздік кезіндегі дәрігердің тактикасы» атты баяндамасынан басталды. Баяндама әртүрлі жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы мүмкін кеңінен қолданылатын дәрілер тобына, цефалоспориндерге төзімділік кезінде дәрігер қолдана алатын стратегиялар мен тәсілдерді, сондай-ақ терапевтік нұсқалар мен сақтық шараларын қарастырды.
«Тыныс алу жүйесі ауруларының бактерияға қарсы ұтымды терапиясы» туралы кафедра ассистенті Қасымқан Әйгерім Еркібұланқызы баяндады. Респираторлық аурулар бойынша жетекші еуропалық қауымдастықтардың нұсқауларына негізделген пневмония мен ӨСОА-ның этитропты терапиясы бойынша ұсыныстар берілді.
Грамтеріс бациллалар аурухана ішіндегі немесе сыртындағы инфекцияларға қарамастан, барлық қан ағымы инфекцияларының төрттен жартысына дейін жауап береді. Бұл туралы «Ересектердегі грамтеріс бациллярлық бактериемия» атты баяндамасында кафедра оқытушысы Жұматай Ақжан Болатқызы баяндады.
2 курс резидент-клиникалық фармаколог Иматулина Жаныл Болатқызының «Бета – лактамдық антибиотиктердің клиникалық фармакологиясы» атты баяндамасы осы антибиотиктердің қысқаша клиникалық-фармакологиялық сипаттамасына, оларды практикада қолдануға арналған көрсеткіштерге арналды, себебі олар қазіргі заманғы химиотерапияның негізін құрайды, көптеген инфекцияларды емдеуде маңызды орын алады.
Емдік және профилактикалық мақсатта антибиотиктерді кеңінен қолдану полирезистентті флораны іріктеуге және таратуға әкелді. Полирезистентті бактериялар – нозокомиалды инфекциялардың қоздырғыштары, әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Бұл туралы кафедра завучі Желдібаева Үміт Тоқтағазықызы «Аурухана жағдайында микробқа қарсы препараттарды басқару» атты баяндамасында айтты.
Семинарды кафедра меңгерушісі Төлеутаева Райхан Есенжанқызы «Микробқа қарсы препараттарға төзімділік: шешудің мүмкін жолдары» мәселесін талқылаумен аяқтады. Дәріге төзімділік антибиотиктер мен басқа микробқа қарсы препараттардың тиімділігін жоғалтуға әкеледі және инфекцияларды емдеуді біртіндеп қиындатады немесе мүмкін емес етеді, деп атап өтті спикер және микробқа қарсы төзімділікпен күресу шараларын қабылдаумен байланысты негізгі ойларды атап өтті.
Клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі Проректор Думан Берікұлы клиникалық кеңестің отырысын аяқтап, дәрігерлер үшін өткізілген оқыту семинарына оң баға берді.
Ұйымдастырушылар: «СМУ»КеАҚ М.ғ.д., профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасы, клиника бөлімі.