2024-жылдың 29-мамырында Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында орталықтың педагог мамандарының және Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының реабилитолог-резиденттері ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны орталық директоры Тлемисов А.С құттықтау сөзбен бастады. Ұйымдастырушылар шараны қызмет алушылар мен олардың ата-аналарының қатысуымен эстафета түрінде өткізді. Концерт барысында қызмет алушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі сайыстарға қатысты. Әрбір атаулы күндердің құрметіне ұйымдастырылатын аталмыш шараларға қызмет алушылар белсене қатысып, өздерін жан-жақты қырлардан көрсетеді. Орталық кафедраның клиникалық базасының бірі болып саналатындықтан резиденттер әр іс-шараның ұйымдастыруына өз үлестерін қосады. Мерекелік концерт соңында қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып, кішкентай қызмет алушыларға мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.