Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Бұл күн елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде.

Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды.

Яғни 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды.

1997 жылы Қазақстанның сол президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Кураторлық сабақ үстінде біз ашаршылық жайлы сөз қозбаған болатынбыз, сол уақытта қуғын-сүргінге ұшыраған зиялылардың өмірі жайлы, олардың қудалықтан кейінгі өмірін талқыладық.

Бұл кураторлық сағаттың мақсаты, ата-бабаларымыздың жасаған ерліктерін ұмытпау, студенттерді ұлт-зиялыларының өмірімен тереңірек таныстыру.

 

1218 топ студенті: И.А. Русланқызы

Жалпы білім беру кафедрасының аға-оқытушысы : Т.А Мұздыбаева