Интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған оқытушылар қатысқан жиналыс

Интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған оқытушылар қатысқан жиналыс

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық мәселесі өте өзекті болып тұр. Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтардың айласына оқытушылар мен студенттер жиі алданатын көрінеді. Осыған байланысты оқу орнында Абай облысы полиция департаментінің КПБ  аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл полиция майоры М.М. Қабытаевпен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жиналыс өтті.

Құқық қорғау органдарының қызметкері алаяқтықтар ең көп қолданатын қулықтардың қатарына банк қызметкерлері, полиция қызметкерлері, ҰҚК және т. б. ұйымдардың қызметкерлері болып телефон шалу жататынын айтты. «Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ешқашан WhatsApp арқылы телефонға хабарласпайды.  Ресми нөмірлер бар. Егер қоңырау WhatsApp-тан келсе, онда бұл жүз пайыз алаяқтар. Сондай-ақ, алаяқтар SIM карталарының жарамдылық мерзімі туралы айтады. Естеріңізде болсын, сіздердің SIM карталарыңыздың қызмет мерзімі шектелмеген. Сондай-ақ, ешқашан Телеграмм, Тик – ток және т.б. желілерде сілтемелер бойынша өтпеңіз”, – деп атап өтті М. Қабытаев.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз