Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығына сәйкес, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 27 мамыр 2024 жылы 2,3,4 курс студенттерінің оқу-жаттығу жиындары (кәсіби практика) сағат 08:00-де салтанатты түрде басталды.
Жиын әскери кафедра бастығы м/қ полковнигі Ш.Орынбасаровтың және офицерлік жеке құрамның курсанттарға деген құттықтау сөздерімен басталды.
«Студенттердің оқу-жаттығу жиындары (кәсіби практика) – әскери дайындықтың аяқталу кезеңі болып табылады. Мұнда студенттер екі жыл бойы жинаған білімдері мен дағдыралын бекітеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығына сәйкес әр студент ант қабылдап, қару-жарақтармен жаттығып, қорытынды емтихан тапсырады.
Қорытынды емтиханнан кейін студенттер запастағы «медицина қызметінің лейтенанты» және запастағы «кіші сержант» бірінші әскери атағын алуға дайын болып есептеледі» – деді оқу-жаттығу жиынының бастығы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.Смағулов.
Оқу-жаттығу жиыны «медицина қызметінің лейтенанты» запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушы студенттерге екі кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең : 27.05-08.06.24ж аралығында – әскери кафедра базасы негізінде;
Екінші кезең : 10.06-29.06.24ж аралығында:
– ер балаларға №30217 әскери бөлімінде, олардың оқу-материалдық базасын пайдалану арқылы;
– қыз балаларға Семей қаласының Әскери госпиталінде.
Орта медицина мамандары запастағы сержант бағдарламасы бойынша білім алушы студенттерге бір кезеңде:
27.05-10.06.24 ж аралығында:
– «СМУ»КеАҚ оқу-материалдық-техникалық базасын пайдалану арқылы Әскери кафедрада жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығу жиынының мақсаты:
– Оқу-жаттығу жиыны әскери дайындықтың теориялық курсын оқып үйрену кезінде игерілген студенттердің командалық,әдістемелік шеберліктерін жетілдіру және практикалық дайындық мақсатында жүзеге асырылады.Курсанттар жиын барысында саптық дайындықтарын,әскери қызметтегі тәуліктік кезекшілікті алып-жүру тәжірибесін жетілдіреді,әскери техника мен әскери-әсептік мамандықтарына сәйкес әскери бөлім міндеттерімен танысады.
Әскери дайындытың толық курсын аяқтап,оқу-жаттығу жиындарынан (кәіптік практикадан) өткен, әскери дайындықтан қорытынды мемлекеттік бітіру емтиханын тапсырған студенттерге университетті бітіргені туралы диплом алғаннан кейін белгіленген тәртіппен запастағы «медицина қызметінің лейтенанты» және запастағы «кіші сержант» бірінші әскери атақтары беріледі.
Әскери кафедраның бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров