2024 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” және “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормаларды енгізді.
31.05.2024 жылы симуляциялық және білім беру пәндері кафедрасында ” Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу: қылмыстық – құқықтық және криминологиялық аспектілері. Ата – ана құқықтық қатынастардың құндылығын қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері” атты кураторлық сағат өткізілді. Қатысушылар: 3419, 2430, 3206, 2106, 3443, 3660, 3444, 3448 топ студенттері, “Жалпы Медицина”, “Педиатрия” мамандығы бойынша.