1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері-Ту, Елтаңба және Әнұран алғаш рет бекітілді. 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Мерекеге орай 2024 жылдың 04 маусымында әскери кафедраның 3 және 4 взвод курсанттары қаламыздың тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлері мен тұрмысына, Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншілігі, мақтанышы мен адалдығы арқылы шынайы патриотизм сезімін қалыптастыру болды.
Саяхат барысында экскурсия жетекшісі облысымыздың қасиетті жерлері туралы айтып берді, студенттер ата-бабаларымыздың тұрмысы туралы білді, олардың еңбек құралдарын, аң аулауға және балық аулауға арналған құралдарды, ыдыс-аяқтарды т.б.көрді.
Бұл шара студенттердің есінде ұзақ сақталады, өйткені олар ата-бабаларымыз және облысымыздың тарихы туралы көптеген фактілерді білді.
Ұйымдастырушылар әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаровқа және цикл бастығы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаиловқа үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Әскери кафедраның 4 взвод курсанты Қазбекқызы Нұрдана