Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының Семей хосписіне баруы

Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының Семей хосписіне баруы

05.06.2024 ж жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының ассистенттері Абдрахманова Г.Ж., Козубаева Д.Б., Кудайбергенова Н.К.

«Жалпы медицина» факультетінің 3 курс (3408, 3407) студенттерімен бірге волонтерлік мақсатта, науқастарға паллиативтік көмек көрсетілетін Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы, КМҚК Семей қаласының хосписіне барып қайтты. Хосписте медицина қызметкерлері тәулік бойы стационарлық көмекті көрсетеді, емделмейтін науқастарға ауруды және аурудың басқа да ауыр көріністерін жеңілдету, олардың өмір сүруінің ең жақсы сапасын қамтамасыз ету, пациенттің денсаулығына және оның отбасына қолдау көрсетуге арналған.

Хоспис медицина қызметкерлері емделушілерге мейірімділік пен жылы қарым-қатынас танытады. Кафедра қызметкерлері аллергиялық және тері аурулары бар науқастарды тексеріп, хоспис пациенттеріне консультативтік көмек көрсетуді ұсынды. Студенттер пациенттерге жауапкершілік пен жанашырлық танытты.