Анестетиктерге аллергиялық реакция иммундық жүйенің анестетиктерді қабылдауға ерекше реакциясы болып табылады және жеңіл түрден ауыр аллергиялық реакцияларға дейінгі аралықта симптомдармен көрінуі мүмкін. Стоматологияда кең таралған анестетиктердің ішінде лидокаин, артикаин (септанест, убистезин, ультракаин) және мепивакаинді атап өту керек. Заманауи стоматологияда белсенді компоненттерге аллергиялық реакциялардың көріністері байқалады, мысалы, амидтерге негізделген артикаин және басқа эфир «каиндері». Стоматологиядағы анестетиктерге аллергияның зертханалық диагностикасы тәжірибеде қауіпсіз бөлігі болып табылады және пациенттердегі мүмкін болатын аллергиялық реакциялардың алдын алуға көмектеседі.
2024 жылғы 5 мамырда «Стоматологиядағы анестетиктерге аллергияның зертханалық диагностикасы» атты дөңгелек үстел өткізілді, онда «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)», «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша 1-2 курс резиденттері қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: доцент, м.ғ.к. Ягофаров Ф.Ф., м.ғ.к. Козубаева Д.Б., Абдрахманова Г.Ж., м.ғ.к. Құдайбергенова Н.Қ. Талқылау барысында сұрақтар көтерілді – стоматолог тәжірибесінде анестетиктердің әртүрлі компоненттеріне ағзаның реакциясының ең ауыр көріністерін болдырмау және дер кезінде көмек көрсету.
Тыңдаушылар аллергиялық реакцияларды зерттеудің заманауи зертханалық әдісімен танысты. Препаратты көтере алмаушылық сынағы – CAST (Cellular Antigen Stimulation Test) in vitro провокациялық сынақ деп те аталады. Әдіс патенттелген, авторлары проф. De Weck и доктор Sainte-Laudy. CAST классикалық гистаминді босату сынағымен салыстырғанда ең жоғары ерекшелікке ие. Әдістің шындылығы 90% астам. CAST сынамасын қолдану өмірге қауіп төндіретін сынақтарды қолданбай, зертханада қан анализі арқылы жасалғандықтан пациентке ешқандай қауіп төндірмейді. Науқас зертханаға қан тапсырады және өзімен бірге аллергиялық реакцияға күдік тудыратын нақты препаратты әкеледі.