2024 жылғы 06 маусымда дәріскер- жоғары санатты невропатолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Каймак Татьяна Владимировнаның қатысуымен “Перифериялық жүйке жүйесі аурулары бар науқас ” тақырыбында дәріс өтті. Аталған дәріске 7-курс ЖТД интерндері, ЖТД кафедрасының ассистенттері Ахметова С.С, Жунусова М.Қ, Енсибаева Ш.Д қатысты
Арқадағы ауырсыну-науқастырдың еңбекке қабілеттілігі мен өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін ең көп таралған ауырсыну синдромдарының бірі.
Болашақта семіздік, темекі шегу, отырықшы өмір салты сияқты қатар жүретін аурулар мен қолайсыз факторлардың көбеюімен, сондай-ақ жалпы халықтың қартаюына байланысты арқадағы ауырсынудың таралуы артады деп болжануда. Арқадағы ауырсынуды жеңілдету мәселесі әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін өзекті болып табылады.
Дәріс барысында болашақ дәрігерлер арқадағы ауырсынуды емдеудің жаңа заманауи әдістерімен танысып, неврология бойынша білімдерін нығайтты. Мұндай дәрістер әрқашан өзекті болады. Медицина дамуда бір орында тұрмайтынын ескере отырып, мұндай дәрістер білімді жаңартуға, дағдыларды пысықтауға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді