2024 жылы 4 мамырда КеАқ «СМУ» студенттер үйінде сенбілік іс-шаралар жоспарына сәйкес Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы №4 жатақханада Торайғырова 128 мекен жайы бойынша. «Көпұлтты Қазақстан: оның халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениеті» тақырыбында «Своя игра» викторинасын өткізді. Бұл іс-шараға жатақханада тұратын барлық курс студенттері шақырылды.
Студенттер викторинаға белсенді қатысып, 3 тілде қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара жылы атмосферада өтіп, қатысушылар мейірімділік, татулық, келісім, мәдениет пен ұрпақтар сабақтастығы туралы шынайы лебіздерін білдірді.
Студенттер осы іс-шараны өткізуге мүмкіндік берген кафедра басшылығына алғыстарын білдірді. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы

