Сегізініші маусым күні Семей медициналық университетінің кәсіподақ ұймының атқарушы комитетінің ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында «Денсаулық қадамы атты» жаздық спорт маусымының ашылу салтанаты өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты қызметкерлер мен оқытушылар арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен қаттар ұжымдық рухты нығайту. Бағдарламаға сәйкес спорттық бастама алдымен жалпы ұзындығы 6 шақырым қашықтықта Ертіс жағасымен жаяу серуендеу (трекинг) қадамымен, содан кейін Қасиетті бұлақта суға шомылу жалғасты. Университетіміздің спорт легерінде түскі ас ұйымдастырылып көңілді эстафеталық ойындармен аяқталды. Қызыққан адамдар кәсіподақ тарапынан ұсынылған велосипедтермен серуен жасады. Ойындарға белсене қатысып, жиналған ұжымның көңілін көтерген спортшыларға бағалы силықтар табысталды.
Университеттің кәсіподақ мүшелерінің осы іс-шараға белсенді қатысқандары біздің ұжымның басты ұстанымы: ДЕНСАУЛЫҚ! БІРЛІК! ҰЖЫМДЫҚ РУХ! бар екенінің дәлелелі болды!
Осы спорт маусымының ашылуына белсенді ат салысқаны үшін, дене тәрбиесі кафедра ұжымына алғысымызды білдіреміз!