2024 жылғы 15 ақпанда СМУ КЕАҚ Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті К. Д. Абаева Павлодар, Семей қаласындағы емдеу-алдын алу мекемелерінің медбикелеріне арналған ZOOM конференциясы арқылы “Ерте жастағы балалардың ұтымды тамақтануы” тақырыбында семинар өткізді. Адам денсаулығына әсер ететін барлық қоршаған орта факторларының ішінде – тамақтану жетекші рөл атқарады. Емшек сүті – табиғат жаңа туған нәресте үшін жасаған ең жақсы және жалғыз тағам. Ананың сүті – бұл нәрестенің жақсы өсуі мен дұрыс дамуын қамтамасыз ететін қажетті сапа мен мөлшердегі барлық қоректік заттардың жиынтығы ғана емес. Емшек сүті – бұл ананың қамқорлығының жалғасы мен нәресте ағзасы дайын емес бөгде , кейде агрессивті сыртқы орта факторларынан қорғаушы. Ананың емшек сүтімен емізу түріндегі қолдауы нәрестенің иммундық жүйесі оны қоршап тұрған барлық зиянды бактерияларды танып және олармен күресуді үйренгенше өмірінің бірінші жылында қажет болады. Алайда, емшек сүті жоқ немесе жеткіліксіз мөлшерде болатын кездер де кездеседі. Сондай жағдайда балаға жасанды тамақтандыруды ұсыну керек. Бұл мәселеге ұтымды қарау қажет. Осы өзекті мәселелердің барлығы семинар барысында көрініс тапты. Лекция соңында лектор аудиторияны қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Кадиша Дисумбековна өзінің қорытынды сөзінде жас балалардың ұтымды тамақтануының негізгі принциптеріне тағы да назар аударды.