2024 жылғы 09 маусымда балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Ф. К. Мұратова 3625 ЖМ кураторлық тобымен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына барды.
Мұражай 1985 жылы құрылған, қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ірі көркемдік құндылықтардың бірі болып табылады. Мұражай ғимараттар кешенінде орналасқан, олардың ең ескісін 1870 жылдары бірінші гильдияның саудагері Федор Степанов салған. 1988 жылы Невзоровтар отбасы (Юлий Владимирович, оның әйелі Антонина Михайловна және қызы Юлия Юльевна) мұражайға 500-ден астам орыс, кеңестік және шетелдік өнер туындыларын сыйға тартты. Бұл жинақ XIX ғасырдың ортасынан басталады – Ю. В. Невзоров әкесі мен атасы жинаған өнер туындыларын мұра етіп алды, коллекцияны едәуір байытып, көбейтті. Көптеген жылдар бойы ол өзінің коллекциясын зерттеп, жүйелеп, барлық жинақталған мәліметтерді мұражайға тапсырды, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен үлес қосты. Мұражай қорында 3600-ден астам өнер туындылары бар. Мұражай экспозициясында XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс өнерінің даму жолдары көрсетілген; Қазақстанның бейнелеу өнері бөлімі (мыңнан астам экспонат) отандық көркем мәдениеттің ең жарқын және ерекше өкілдерімен ұсынылған. XVI ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасының шағын бөлімі бар. Сондай — ақ, ХХ ғасырдағы ТМД елдерінің-Ресей, Орта Азия, Грузия, Армения, Беларусь және басқалардың өнер туындылары қойылған. Студенттер жергілікті көрікті жерлерге баруға өте қызығушылық танытты. Невзоровтар отбасы мұражайына экскурсия қызықты болды, студенттер мұражайдың пайда болу тарихын, әр картинаның тарихы мен маңыздылығын ынтамен тыңдады.

