2024 жылғы 25 ақпан «Семей медицина университеті» КЕАҚ кураторы, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Абаева К.Д. «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау», «Адам құқықтары» тақырыптарында тренинг өткізілді. Басты мақсат – құқықтық сауаттылықты арттыру, қылмыстың алдын алу. Тренинг барысында негізгі мәселелер көтеріліп, талқыланды, соның ішінде Қазақстанда балалар құқығының қалай қорғалатыны. Бұл тақырып студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды. Тренинг соңында қорытынды шығарылып, студенттерден кері байланыс алынды.