2024 жылдың 07 маусымында “Семей медицина университеті” КЕАҚ Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының профессоры Т.Н. Хайбуллиннің қатысуымен ” Шашыранды склерозды оңтайландыру “тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға 7 курс ЖДТ интерндері, 1-2-ші оқу жылының невропатолог резиденттері, ЖДТ кафедрасының ассистенттері С. С. Ахметова, М.К. Жүнісова, Ш. Д. Енсибаева қатысты
Шашыранды склероз – бұл созылмалы аутоиммунды ауру, оның негізінде орталық жүйке жүйесінің бірнеше ошақты зақымдануына әкелетін нейродегенеративті процестер кешені жатыр, бұл науқастардың ерте мүгедектікке және өмір сапасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
Шашыранды склероз (ШС) негізінен 20 мен 40 жас аралығындағы жастарға әсер етеді, бұл жас халықтың мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан Қазақстан Республикасында ШС әлеуметтік маңызы бар аурулар тобына жатқызылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 11 жағдайды құрайды. Науқастардың ең көп саны Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды Түркістан облыстарында, Алматы, Нұр-сұлтан, Ақтөбе қалаларында тіркелген
Дәріс барысында болашақ дәрігерлер шашыранды склерозды емдеудің жаңа заманауи әдістерімен танысып, неврология бойынша білімдерін бекітті. Мұндай дәрістер әрқашан өзекті болады. Медицина дамуда бір орында тұрмайтынын ескере отырып, мұндай дәрістер білімді жаңартуға, дағдыларды пысықтауға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді.