Шетелдік бөлім студенттеріне арналған Семинар

Шетелдік бөлім студенттеріне арналған Семинар

05.06.2024-07.06.2024 аралығында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары Муфтиева Г.М. , Амангалиева Г.М. , Рақымгазиева А.С. “Абай облысы: Тарих және мәдениеттақырыбында шетелдік бөлім студенттеріне семинар ұйымдастырды. Семинар барысында студенттер қаламыздың, облысымыздың мәдениетімен танысты, Ұлы Абай, ядролық полигон, Абай облысының қалыптасуы туралы көптеген танымдық ақпаратты білді. Сондай-ақ студенттер Абай атындағы мұражайға барып, өздерін үлкен тарихтың бір бөлігі ретінде сезінді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді. Шетелдік студенттер мұндай бағыттардағы семинарлар олар үшін өте қызықты екенін атап өтті

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар