03.06 бастап 08.06.2024 ж. аралығында Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында “Тәжірибелік медицина тұрғысынан педиатриядағы өзекті сұрақтар” тақырыбында аралас форматтағы жазғы мектеп өтті. Бұл мектеп практикалық медицинаға негізделген педиатрияның өзекті мәселелеріне арналды. Осы мектеп шеңберінде жаңа туған нәрестелердегі экзантеманың дифференциалды диагностикасы, атопиялық дерматиттің мультифакторлық ауру ретіндегі проблемалары, тері және ішек микробиоценозының жай-күйі, жөтел синдромының алгоритмдері, ревматикалық аурулардың маскалары, сондай-ақ педиатр практикасындағы орфандық аурулар сияқты мәселелер терең қарастырылды, балалардағы сирек кездесетін ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің маңыздылығына баса назар аударылды. «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандықтары бойынша 3-курс студенттері қатысты. Барлығы 14 қатысушы қатысты. Жазғы мектепті аяқтағаннан кейін оң пікірлер мен тілектер алынды.
Жазғы мектепті бітіргеннен кейін барлық қатысушылар сертификаттар алды.