2024 жылдың 30 мамыр күні Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай Семей қаласының Орталық кітапханасында “Мәңгілік халық жадында”атты дөңгелек үстел алаңы өтті. Іс-шараға “Стоматология” мамандығының 1315 тобы мен топ кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы қатысып қайтты.Бұл іс-шараның барысында:Шәкәрім университитетінің аға-оқытушысы сөз сөйлеп,ашаршылық замаңында болған оқиғаларды және сол заманның көрінісін көрсететін кітаптармен таныстырып,айтты.Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны мен жұмыстағы еңбектері туралы кітапхана жұмысшылары мәлімет айтып,бейнероликтерін көрсетті. Іс шарадан студенттер тамаша әсер алып,естелікке суретке түсіп қайтты.

