Тәрбие жұмысы аясында 2024 жылғы 28 мамырда қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы М. Б. Бейсенгазина “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 401 кураторлық тобымен бірге Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына барды.
Мұражайда бірегей жұмыстардың бай коллекциясы бар: мұнда И. Шишкин, Ф. Васильев, А. Куинджи, А. Киселев, И. Левитан, К. Коровин, В.Орловский, И. Остроухов, С. Жуковский, С. Щедрин, М. Иванов, А. Венецианов, К. Брюлловтың суреттерін көре аласыз! Тіпті 1633 жылғы шынайы Рембрандт гравюрасы бар! Мұражайда классикалық кескіндеме ғана емес, қазақстандық суретшілердің де суреттері қойылған. Экспозицияда Ә.Қастеев, С. Қалмықов, Л. Леонтьев А. Ғалымбаевтың және т. б. сүретшілердің жұмыстарын тамашалауға болады. Сонымен қатар, студенттер жерлесіміз, журналист және суретші Руслан Шакабаевтың жұмыстарын көрді.
Мұражай бойынша экскурсиядан кейін студенттер алған әсерлерімен бөлісті.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Бейсенгазина М. Б.