Стартап жобасы

Стартап жобасы

Семей медицина университеті КЕАҚ «Инновациялық оқыту технологиялары арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сыныптан тыс қызметін ұйымдастыру бойынша контент құру» стартап жобасының шеңберінде жалпы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD докторы Кадирсизова Шынар Болатбековна, Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетіне және біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты Минск қ. Беларусь Республикасына 2024 жылғы 20-24 мамыр аралығында «Дағдарыс жағдайларында көмек көрсету бойынша педагог-психологтың жұмысы», «Зейін тапшылығының синдромы және балалардағы гиперактивтілік: арнайы жағдайлар және оқытуды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыруға шақырылды; 2024 жылғы 20-24 мамыр аралығында «Жалпы психология» пәні бойынша (10 оқу сағаты көлемінде), БГПУ Психология институтының Жалпы және ұйымдастырушылық психология кафедрасының 1-23 01 04 «Психология» мамандығының 2 курс студенттері үшін «Психология», «Әлеуметтану», «Мәдениеттану», «Философия» бірлескен модулі бойынша (10 оқу сағаты көлемінде) практикалық сабақтар өткізуге қатысты; 2024 жылғы 20 мамыр мен 21 маусым аралығында офлайн-онлайн форматында 144 сағат көлемінде «Білім берудегі ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» ғылыми тағылымдамасынан өтті.

2024 жылғы 20-28 мамыр аралығында «Отбасы құндылық ретінде» VIII Халықаралық психологиялық шеберлік фестивалінің бағдарламасы бойынша қатысты.

Беларусь Республикасы Минск қ. БГПУ және ИПКиП сапарының мақсаты болған үздіксіз мамандандырылған даярлық жүйесі ретінде ерте бейіндеуді ұйымдастыру бойынша БГПУ тәжірибесін зерделеу, оқу орындарының тәжірибесімен алмасу және білім берудің академиялық және қолданбалы аспектілері саласындағы одан әрі ынтымақтастық орнату толығымен іске асырылды және мақсатқа қол жеткізілді. ЖОО арасында меморандумға қол қойылды.

Рубрикалар: Категориясыз