Тарихқа саяхат

Тарихқа саяхат

Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында, 07 маусым 2024 жылы, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 3 взвод студенттері, әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.О.Орынбасаров жетекшілігімен «Алаш Арыстары – М.Әуезов» мұражай-үйіне барып, қазақ халқының тарихи беттеріне қызықты саяхат жасадық.

     Қалалық кешенге Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени әдеби-мемориалдық қорық-музейінің құрамына «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражай-үйі кіреді. Семейге барған сапарында Абай ұлдарымен бірге осы үйде тұраған. 20-жылдары мұнда М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов өмір сүрген.

      Студенттер мұражайда ата-бабаларымыздың  өткен өміріне көз жүгіртіп,  мәдениетімен танысты.

    Алаш қозғалысына қатысты оқиғаларды рухани-мәдени және ұлт-азаттық тұрғыда ашып, халық мұрасын терең тануға септігін тигізеді.

ХХ ғасырдың басында өнер көрсеткен Алаш қайраткерлері Қазақстандағы ұлттық тәуелсіздік пен мәдени дамуға деген ұмтылысты танытты.  Олардың Алаш Орданың құрылуына атсалысу мәдени мұраны сақтап, дамытуға, еліміздің болашақ тәуелсіздігінің негізін қалауға ұмтылысын көрсетеді.

Әскери кафедраның 3 взвод студенттері

Рубрикалар: Категориясыз