Университет госпиталі қызметкерлерінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментінің өкілімен кездесуі

Университет госпиталі қызметкерлерінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментінің өкілімен кездесуі

06.06.2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ Комплаенс-офицері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының аға офицері Мадияр Дәулетұлы Байтабановпен Университет госпиталі басшылығы және қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесудің тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны, сыйлықтар алғаны үшін жауапкершілігі болды.

Дәріскер Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасының нормаларын, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты түсіндірді.

Аталған кездесуге университет госпиталінің 50-ден астам қызметкері қатысты.

Комплаенс-офицер сіздерден Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауыңызды сұрайды, сондай-ақ қандай да бір жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, «СМУ» КеАҚ ресми сайтында Комплаенс-офицердің көрсетілген байланыс деректеріне, электрондық пошта мекенжайына жүгіне аласыздар.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз