УНИВЕРСИТЕТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Семей медицина университетіне Сантош университетінің (Үндістан) ректоры доктор Manoj Goyal бастаған осы оқу орнының делегациясы сапармен келді. Қонақтарды Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов қарсы алды.
Сапардың бірінші күні Үндістаннан келген әріптестер оқу орнының басшылығымен кездесіп, клиникалық базалармен, оқу-клиникалық орталықпен, мұражаймен, кітапханамен, тақырыптық бөлмелермен танысты. Сапардың мақсатын айқындаған кездесудің негізгі бөлігі екінші күні өтті. Жиын барысында «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Алтай Дюсупов, Абай облысы әкімінің орынбасары, «Шәкәрім университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Думан Орынбеков, Santosh University ректоры DR Manoj Goyal сөз сөйлеп лебіздерін білдірді. Алтай Ахметқалиұлы Семей медицина университетіне қолдау көрсеткендері үшін Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаевқа, Шәкәрім университетінің басшысы Думан Орынбековке алғыс айтып сыйлықтар табыстады. Мұнымен қатар университет басшысы Santosh University ректоры DR Manoj Goyal-дың иығына шапан жауып, сыйлық тарту етті.
Кездесуде білім ордаларының арасында СМУ» КеАҚ базасында медицина оқытушыларын даярлау орталығын ашу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Медицина оқытушыларын даярлау орталығының ашылу салтанатына Шәкәрім университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Думан Орынбеков, биология ғылымдарының докторы, профессор Масығұт Рахымұлы Мыңжанов және Santosh University ректоры DR Manoj Goyal қатысты. Бұл орталық еліміздің медициналық оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттырып, ағылшын тілінде шетелдік студенттерге білім беру сапасын жетілдіре түсу бағытында мол мүмкіндіктерге жол ашады.
Сантош университеті – Дели қаласында орналасқан Үндістанның жетекші медициналық университеті. Ол 2023 жылы Outlook нұсқасы бойынша Үндістанның ең үздік жекеменшік медициналық университеттері арасында 9-шы орынға ие болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Higher Education Review нұсқасы бойынша Үндістанның MBBS үздік медициналық колледждерінің ондығына кірді.
Сантош университеті-Ұлттық бағалау және Аккредиттеу Кеңесі аккредиттеген медициналық университет. Оның құрамына медициналық және стоматологиялық мектеп, 800 орындық Университет клиникасы кіреді. Университетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде медицина, стоматология және медицинамен байланысты салаларда 56 бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Университетте жұмысы академиялық және клиникалық тәжірибеге негізделген 240-тан астам дәрежелі оқытушы қызмет етеді.

Жарияланды: