Құрметті әріптестер!
Сіздерді бәріміздің кәсіби мерекеміз – Медицина саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәрігер мамандығының мәртебесі әрқашанда ерекше жоғары! Осынау ауыр да аса жауапты қызмет жанкештілік пен біліктілікті, жан-жақты терең білімді, жүректің жылулығын қажет етеді!
Бұл қасиеттер – дертіне дауа іздеп келген адамдарды емдейтін маманның болмысының ажырамас бөлшегі! Медицина саласына ғұмырын арнаған, талмай адал еңбек етіп жүрген өздеріңіздей жандарды бұл талаптарға толықтай лайық деп сеніммен айта аламын!
Әр біреуіңіз отандық денсаулық сақтау ісін ілгерілететін қозғаушы күшсіздер! Біздің қоғам үшін ең маңызды саланың жүрегісіздер!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаларыңызға бақыт пен шаттық, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов