11.06.2024 ж. ” Қош бол, бакалавриат!” атты ”СМУ” КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасына бекітілген “Жалпы медицина”факультетінің 5207 кураторлық тобымен сынып сағаты өткізілді. Осы оқу жылында кафедрадағы тәрбие жұмысына көптеген жылдар бойы жауапты болып келген доцент, м.ғ. к., қауымдастырылған профессор Е. М. Смаил осы топтың кураторы болды.
Сынып сағаты барысында балалар бакалавр дипломын алғаннан кейін болашақ жоспарларын да айтып берді, дипломдарды тапсыру 28.06.2024 ж болады. Кейбір студенттер Астана қаласында, Павлодар қаласында интернатурада одан әрі оқуды жоспарлап отыр. Кураторлық топтың студенттері оқу жылының соңында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына және жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасына оқу кезінде қолдау көрсеткені, болашақ дәрігер үшін адамгершілік, адалдық, принциптілік және жауапкершілік сияқты қасиеттерді игергені үшін алғыстарын білдірді.
Болашақ дәрігерлер бірлескен кездесулерді, мәдени іс-шараларды, табиғатқа және қаламыздың мұражайларына экскурсияларды жылы шыраймен еске алды. Сынып сағатының соңында куратормен өткізілген оқу жылын еске алуға арналған фотосессия жасалды. Құрметті балалар, сіздерге оқуда одан әрі табыс тілейміз, барлық жоспарларыңыздың орындалуын және “Семей медициналық университеті” КеАҚ-да оқығаныңызды әрқашан мақтан тұтамыз!!! Сәт сапар болсын!!!
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.