Білім беру саласындағы халықаралық қатынастар мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орнының дамуы оның халықаралық қызметін жетілдіруді болжайды. Халықаралық ынтымақтастық университет қызметін ғылымдағы, оқу-әдістемелік жұмыстағы, кадрларды даярлаудағы қызығушылықтары мен тәжірбиелік нәтижелерін кеңейтеді және айтарлықтай байыта отырып ұжымды әлемдік мәдениетпен таныстыруға ықпал етеді.
Екі университет арасында меморандумға қол қою және одан әрі жемісті ынтымақтастық орнату мақсатында Семей медицина университетіне Сантош университетінің (Үндістан) делегациясы келді. 2024 жылғы 11 маусымда Үндістаннан келген делегация ХҚКО ректорымен бірге оның қызметімен танысу үшін симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасына барды. Келушілерге оқу-клиникалық орталығында экскурсия жүргізіліп, бөлімнің мүмкіндіктері көрсетілді. Үндістандық қонақтар білімалушылар мен педагогикалық ұжымнан оқу іс-әрекеттері бойынша сұрақ-жауап алды.