«Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел

«Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел

 Қазақстан Республикасында пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде жоғары инфекциялық қауіпсіздік мәселелері бойынша денсаулық сақтау объектілерінің кадрлық құрамын даярлауға және емдеу-алдын алу мекемелерінде инфекциялық бақылауға үлкен көңіл бөлінеді.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» «2022-2027 жылдарға арналған инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» жоспарға сәйкес және осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел, оқыту семинарлары мен конференция сияқты бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шаралардың белсенді қатысушылары Қазақстанның барлық медициналық  ЖОО-лары және  КеАҚ СМУ ПОҚ болды. Іс-шаралардың мақсаты медициналық ұйымдардың мамандары үшін инфекциялық бақылау және инфекциялардың алдын алу саласында дипломнан кейінгі және дейінгі білім беруді дамыту болды.

    13.06.24 «Қоғамдық денсаулық» кафедрасында «СМУ» КеАҚ мектептерінің декандары С.Е. Узбекованың (Медицина мектебі), Ы.О. Қайырханованың (ҚДС, Стоматология, Фармация және МІ мектебі) қатысуымен «Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы, «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі З.А. Хисметова сөз сөйледі. Спикерлер доцент, м.ғ.к. Ш.Е.Тоқанова, м.ғ.к., инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Б.Маукаева, PhD, оқытушы Искакова, доцент Ш.М.Токешева, Қазақстандағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау  мәселелері мен проблемаларын ашты , инфекциялық қауіпсіздікті арттыру мәселелері бойынша білім беру сапасын арттыру және шешу жолдарын ұсынды, бакалавриат деңгейінен бастап инфекциялық бақылауды түсіну мен бейімділікті қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті.

Спикер қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Қалбағаева Ж.Е.